Еңбек ер атандырады

   Ақжарма ауылдық №9 кітапхананың ұйымдастыруымен, «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы «Әлем BOOK» жобасы аясында Социолистік Еңбек Ері қазақтың   қайсар  қызы  Жадыра Таспамбетованың - 70 жылдығына  орай   «Еңбек ер атандырады" атты таным  сағаты  өткізлді. Жадыра Таспамбетованың  еңбек   жолы,  еңбексүйгіштігі  тағдырға мойынсынбай қайсар мінезді, адамгершілік қасиеттері келешек ұрпаққа үлгі өнеге. Тағдырдың салған тауқыметіне төзімділгімен,  бойындағы табандылығы  арқасында   халыққа  танымал  болды. 
   Шара барысында Жадыра Таспамбетова үлкен маңдай  тердің,  қажымас қайраттың, өзіне таудай талап коюдың арқасында ел алғысына бөленген, қайсар мінезі,   адамгершілігі   жайлы  айтылды.  Оқырмандарға       Хамит Ерғалиев пен Қуандық Шаңғытбаевтың Жадыраның қайсарлығына тәнті болып жазған «қыз -қисса» дастаны, Жадыраның жазған күнделігі бойынша мұрат Күлімбетовтың редакторлық етуімен жазылған «Жүрегімнің жолдамасы»атты кітаптары таныстырылды.  Шараның мақсаты:  Жастардың еңбек сүйгіштікке, қиын тағдырға мойынсынбаған Жадыра Таспамбетованың   өнегелі  өмірін үлгі тұту, қайсар мінезін, адамгершілік қасиеттерін оқырмандарға насихаттау.
 
29 наурыз 2024 ж. 129

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам