Күн түнекті сейілтеді

   Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №6 кітапхана  қорына соңғы жылдары келіп түскен Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушы Нұрила Бектемірованың «Күн түнекті сейілтеді» кітабы бойынша кітап талдауын өткізді. Жазушы Н. Бектемірова қалың оқырман жылы қабылдаған «Көңіл шамы», «Нұрлы өмір - сырлы өмір», «Бақыттың білесің бе, бағасын?», «Өмір бір басқа, көңіл бір басқа...», «Өмірдің өзі жазған әңгімелер», «Сырлы ғұмырлар әлемі», «Өмір думан – дүние жалған» атты кітаптардың авторы. Жазушының «Күн түнекті сейілтеді» кітабына соңғы кезде жазылған оқырмандарға берер тәлім-тәрбиелік тағылымы мол, күрделі психологиялық құбылыстармен қатар шынайы махаббат, мөлдір сезім, жан тазалығы, адалдық пен адамгершілік, имандылық пен инабаттылық секілді асыл қасиеттерді көркем тілмен суреттейтін хикаяттары мен әңгімелері енгізілген. Шара барысында жазушының өмірі мен шығармашылығы кеңінен таныстырылып, оқырмандар Ә. Серікбай, А. Жүнісова, С. Мешітбай, Д. Есбол. Г. Ысқақ жинақтағы «Күн түнекті сейілтеді», «Қиянаттың көлеңкесі жоғалмайды», «Байдың қызы», «Бір ауылдың қыздары», «Адамның күні адаммен», «Бір уыс топырақ» атты шығармаларына кеңінен талдау жасап, шығармалардан алған керемет әсерлерімен бөлісіп, өз замандастарын ата-ананың, жақындарының, достарының, махаббаттың, уақыттың, ұлттық құндылықтарымыздың қадірін білуге шақырып, өз ойларын түйіндеді.  
Шараның мақсаты – кітапхана қорына жаңа түскен әдебиеттерді насихаттау, оқырмандардың көркем әдебиетке деген зор қызығушылықтарын арттыру, таным көкжиектерін кеңейту.
29 наурыз 2024 ж. 126

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам