Ел рәміздері-ел мәртебесі
№6 кітапхананың ұйымдастыруыменен «Балдәурен» тынығу лагерінің оқушыларыменен «Ел рәміздері-ел мәртебесі» атты білімділер сайысы өткізілді. Оқушылар «Елтаңба», «Байрақ» топтарына бөлініп, сұрақ-жауап, шығармашылық тапсырманы орындау кезеңдері бойынша білім жарысына түсті. Мемлекеттік рәміздер жайлы мағлұматтармен бөлісіп, екі топ та өз білімдерін танытты.Белсенді қатысып, көп ұпай жинаған топқа кітапхана атынан шағын сыйлықтар ұсынылды. Балалар хормен Қазақстан Республикасының Әнұранын орындады. «Ел рәміздері – ел рухы» атты кітап көрмесі жасалып, рәміздердің шығу тарихы және авторлары жайында мәліметтер айтылып, әдебиеттерге шолу жасалды.







