Күлкі –жанның шипасы

   1 сәуір - күлкі күні! Әзілге толы бұл күннің шыққан жылы мен тегі әлі күнге дейін беймәлім. 1 сәуір ресми  мереке емес. Тек адамдар бір-бірімен  қалжыңдасып, көңіл көтеріп, күллі жамағат  ойын-сауық құрып, әзіл-қалжыңға толы әрекеттермен көңілдерін  көтереді. Бұл  дәстүр әлі  күнге дейін жалғасуда. Осы орайда, жүйеге қарасты А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана Сейхун колледжінің 2 курс студенттерінің қатысуымен сатирик, Қазақстан жазушылар және журналистер одақтарының мүшесі, Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты, «Ләммим», «Аһүһ» кітаптарының, «Ымжым», «Тойда жолығайық», «Қалай болса – солай» атты бірнеше өлең жинақтарының авторы Толымбек Әлімбекұлының мерейтойына арналған «Күлкі –жанның шипасы» атты мерекелік іс-шара өтті. Шара барысында оқырмандарымыз сықақшы Толымбек Әлімбекұлының заманның лебі мен адамның демі  арасындағы келеңсіз жайлар, өлеңдеріндегі ащы сатира, өткір сарказм және жеңіл әзілмен құралған шығармаларымен танысты. Сонымен қатар шығармаларында тіл, саясат, әлеуметтік мәселелер, ұлттық тақырыптарда кеңірек қамтылған. Сейхун колледжінің бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі бөлімінің пән мұғалімі  Шырманбаева Ақбота шараға қатысушыларға атақты сатирик Сейіт Кенжеахметұлы ағамыздың : «Күлдіре білу — өнер, күле білу — өмір, күлкі болу — өлім» деген сөздерін айтып, әрдайым шынайы күліп жүріңіздер деп жылы лебізін білдірді.
01 сәуір 2024 ж. 248

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам