Балалық шаққа саяхат
Балалар кітабы Халықаралық кеңесінің шешімімен 1967 жылдан бастап балалардың сүйікті жазушысы Ганс Христиан Андерсеннің туған күні,яғни 2 сәуір-Халықаралық балалар кітабы күні деп белгіленіп, жыл сайын керемет мерекені атап өту дәстүрге айналып отыр.
Егемендік еліміздің болашағы – жас ұрпақты азаматтық пен адалдыққа , отансүйгіштік пен мейрімділік рухында тәрбиелеуде кітаптың алар орны ерекше. 2- сәуір Халықаралық балалар кітабы күніне орай «Бір ел – бір кітап» акция аясында қазақтың көрнекті жазушысы, белгілі көркемсөз шебері балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде “Балалық шаққа саяхат” атты қалалық байқау мектеп оқушылары арасында өткізілді.
Байқауға “Петро Қазақстан” Кумкол Рессорсиз АҚ-ның менеджері Ақтолқын Сұлтанова, “Қоғам ТВ” бас редакторы Баян Құлтанова, Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының кітапханасышы Айгүл Саймбетова төрелік жасады.
Бердібек Соқпақбаевтың барлық туындыларында оның шығармашылығының қайнар көзі халық өмірінен бастау алғаны сезіледі. Жазушының бейнелеу қабілеті өте бай. Ол өз кейіпкерлерінің портетін шебер суреттеп, әрқайсысын өзіне тән тілде сөйлетеді. Кейіпкердің ішкі күйзелісі мен ой-пікірлері жазушының басты көркемдік әдісі болып табылады.Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаев шығармашылығын пайымдап көрсететін 1 кезеңінде сайысқа қатысушы оқушылар ақынның «Шал мен бала» , «Жолаушы , сиыр, ақылды күшік», «Балапан торғай», «Менің атым Қожа» шығармасындағы 23 тарау, «Менің атым Қожа» шығармасындағы 5-ші тарауы бойынша сахналық көрініс көрсетілді.
Ал екінші кезеңінде Б.Соқпақбаевтың шығармаларынан сұрақтар қойылды.
Нәтижесінде №215 қазақ орта Талдыарал мектебі үздік деп танылса, №179 А.Хангелдин атындағы Қарауылтөбе мектебі 1 орынды, №128 негізгі Қызылөзек орта мектебі 2-ші орынды, №138 Абай орта мектеп, ,№144 С.Әлжіков атындағы Қызылжарма мектебі 3-ші орынды иеленді.
Бұл шара Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларының балаларға өте жақын екендігін көрсетті.