Тапқыр оқырман

  2-сәуір -Халықаралық балалар кітабы күні!. А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада  «Балалар бұрышы» оқырмандарының қатысуымен  «Тапқыр оқырман»   атты  әдеби  лото ойыны ұйымдастырылды. 
    Шараның мақсаты: Өскелең ұрпақтың ойлау қабілеттерін, ойлау ұшқырлығын  кітап оқуға ынтастын арттыру. Есте сақтауын, ой -өрісін белсенділігін дамыту.Кітап күнінің маңыздылығы мен  кітап оқудың қажеттілігін дәріптеу, кітапханаға оқырман тарту  болып табылады.
Шара барысында кітапхана қызметкерлері балаларға Халықаралық кітап күнінің тарихы туралы, Г.Х.Андерсеннің өмірбаяны және оның керемет ертегілері жайлы көптеген қызықты мағлұматтар берді.
    Әдеби лото ойынының қатысушылары  «Білгіштер» мен «Ойшылдар» болып екі топқа бөлініп,  «Кітап – сенің өміріңде», «Қаламгерлер балаларға», «Мақал – мәтелді жалғастыр» атты сайыс бөлімдері бойынша берілген сұрақтарға  толықтай нақты жауап беріп, өздерінің   білімдерін жоғары  деңгейде көрсете білді.  Ойын соңы   «Достық»  тобының жеңісімен аяқталды. 
  Шара соңында Абылайхан атындағы №140 орта мектептің кітапхана меңгерушісі  Махаббат Бақытбекқызы  жас оқырмандарымызға,кітап – барлық білім мен ғылымның қайнар көзі, сарқылмас бұлағы, кітап сегіз қырлы, терең сырлы тәрбиеші, ұлы үйретуші екенін айтып, кітапхана ұжымына жылы лебізін білдірді. 
02 сәуір 2024 ж. 150

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам