Ғасыр індетінен сақтанайық!

   7-сәуір Дүниежүзілік денсаулық күніне орай жүйеге қарасты А.С. Пушкин атындағы орталық кітапханада Сейхун атындағы колледж студенттерінің қатысуымен «Ғасыр індетінен сақтанайық!» тақырып аясында денсаулық сағаты өтті.
  Шара барысында кітапханашы Төлендиева Данагүл студенттерге  адам денсаулығы - қоғам байлығы екенін, ал бақытты ғұмыр кешу үшін, ең алдымен   мықты денсаулық керектігін, сондықтан салауатты өмір салтын қалыптастыру  жалпы зиянды әрекеттерден аулақ болу керектігін айтып, балаларды ойынға шақырды. Студенттер  спорт, денсаулық, жеке гигиена жайлы шар ішіне жасырылған сұрақтарға жауап беріп, ойынға белсене қатысты. Мақал-мәтелмен жарысып, өз білімдерін көрсетті. Сонымен қатар кітапханада «Дені саудың -жаны сау» атты  кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға таныстырылды. Денсаулық сабағы өте қызық өтті.
05 сәуір 2024 ж. 139

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам