Тарихтың таңбалы кезеңдері.

   7 сәуір – Қазақстан Республикасында 1995 жылы Тәжік – Ауған шекарасында әскери борышын өтеу кезінде қаза тапқан 17 әскери қызметкерді еске алу және ерлік күні болып табылады. Атаулы күнге орай №6 кітапхана «Тарихтың таңбалы кезеңдері» атты тарихи кеш өткізді. Шараға «Ардагерлер Одағының «Тәжік – Ауған шекарасында жауынгерлік қимылдарға және әскери қақтығыстарға қатысушылардың» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрағасы Марат Орынбайұлы және тәжік-ауған соғысының ардагері Бисенов Қайрат Шауханбайұлы қатысты. Шара барысында тәжік-ауған шекарасындағы соғыс жайлы бейнефильм көрсетіліп, нағыз патриотизмнің үлгі-өнегесін көрсеткен ержүрек азаматтарымыз өздерінің ұрыс даласындағы естеліктерімен сыр бөлісіп, Қарулы Күштеріміздің тарихы мен қазақ әскерінің қазіргі уақыттағы жетістіктері жайлы өз ойларын айтты. Ерлікке бағдар болған шарада өскелең ұрпақ өздерін толғандырып жүрген ойларындағы сұрақтарына тұщымды жауаптарын алып, аға буын өкілдеріне деген құрметтерін көрсетіп, естелік суретке түсті.
05 сәуір 2024 ж. 111

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам