Қазақтың тұңғыш ғарышкерлері
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №12 кітапхана 12 сәуір-Дүниежүзілік ғарыш және авиация күніне Ғани Мұратбаев №171 орта мектеп оқушыларының қатысуымен «Қазақтың тұңғыш ғарышкерлері» атты танымдық сағат өткізді.
1961 жылы 12 сәуірде Қазақстанның «Байқоңыр» айлағынан алғашқы ғарыш кемесі көкке көтерілді. Бұл адамзат тарихындағы айтулы оқиға еді. Осылайша Юрий Гагарин әлемнің тұңғыш ғарышкері, ал Байқоңыр Қазақстанның ғарыш айлағына айналды. Одан бергі аралықта қанша ғарышкер аспан әлеміне сапар шегіп, ғылыми зерттеулер жүргізді.
Шара барысында есімдері Қазақстан тарихы бетінде алтын әріппен жазылған қазақ ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов туралы мағлұмат берілді. Қазақтың үш ғарышкері адам баласының ғарышты игерудегі жетістіктеріне, оның маңыздылығына көз жеткізді.