Бақытым да, байлығым да - Денсаулық
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №2 Балалар кітапханасы №233 Ж.Нұрсейтов атындағы орта мектептің 4 сынып оқушыларының қатысуымен «Бақытым да, байлығым да - Денсаулық» атты таным сағатын өткізді. Шара барысында балаларға адамның дұрыс дамып, өсіп жетілуінде денсаулықтың маңыздылығы туралы кеңінен айтылды. Жас кезден денсаулықты сақтау үшін дене тәрбиесімен айналысып, тазалықты сақтау, дұрыс тамақтана блу, ағзаға зиянды тамақтарға, сусындарға әуес бола білмеу керектігі айтылды. Денсаулықты сақтап салауатты өмір сүре білу өте қажетті өмір қағидасы деген тұжырымда шара қорытыланды. Денсаулық туралы әдебиеттер кеңінен таныстырылып, насихатталды.







