«400 тәтті тақпақ» кітабы

   №4 кітапханада  №253 мектебінің  1 сынып оқушыларының қатысуымен ақын  Баянғали Әлімжановтың 70 жасқа толуына орай  «400 тәтті тақпақ» кітабының таныстырылымы өткізілді. Шарада  кітапхана оқырмандары ақынның жинаққа енген «Отан», «Отбасы», «Оқу-білім» жайлы  өлеңдерін жатқа оқып, әндер шырқады.Ақынның бала­ларға базарлық ретінде ұсы­нған «400 тәтті тақпақ» жи­­нағы балдырғандардың ба­лаң көңілін, таза санасын жақ­сылыққа үндеп, жамандықтан жирендіріп, отансүйгіштікке, адалдыққа, адамгершілікке ша­қыратын, ұлттық құнды­лық­­тарымыздың мәнін ұғуға тәр­биелейтін ерекше кітап. Бұл жинақ автордың риясыз пейілмен балаларымызға жасаған керемет базарлығы, тамаша сыйлығы болды.Мақсаты: Жас оқырмандарды қазақ ақын жазушыларының   шығармаларымен таныстыру,кітапхана қорына келіп түскен жаңа балалар әдебиеттерін   насихаттау.
09 сәуір 2024 ж. 135

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам