Нұсқалы сөздің кестесі
№8 кітапхананың ұйымдастыруымен «Адал адам» мәдени –тәрбие орталығы «Әлем ВООК» жобасы аясында ақын Қарасақал Ерімбеттің туғанына -180 жыл толуына орай «Нұсқалы сөздің кестесі» атты ғибрат сағаты № 143, № 268 мектеп-лицей оқушылары қатысуымен өткізілді. Шараға тәлімгерлер Рахманқұлова Набат пен «Дәстүрлі ән-жыр» домбыра үйірме жетекшісі Маханбетжанов Мейірімжан қатысып, оқырмандарға Қарасақал Ерімбеттің өмірі мен ақындық өнер жолдары туралы айтты.
Шараның мақсаты: шығыстық дидактика- философиялық мазмұндағы әдеби дәстүрді дамытып, ислам дінінің гуманистік- ағартушылық идеяларын қазақ поэзиясының поэтикалық өзегімен тұтастыра жырлаған, қазақтық дәстүрлі айтыс өнеріне өзіндік ерекшелігімен үлес қосқан , даналық мұхитына терең бойлаған Шайыр есімін ардақтауға, өмірі мен ақын шығармаларын таныстыра отырып, жас ұрпақты мейірімділікке, адалдыққа тәрбиелеу.
Шара барысында жас оқырмандар Қарасақал Ерімбеттің « Нақыл сөз», « Әй, балам, саған насихат», «Мұратқа ешкім қолдан жеткен емес» атты өсиетті өлеңдерін оқып, «Дәстүрлі ән-жыр» домбыра үйірме оқушылары Қарасақал Ерімбеттің «Сыр сүлейлері» атты термесін орындады.