Қайсар қызы қазақтың
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №16 кітапхананың ұйымдастыруымен Кеңес Одағының Батыры, қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай «Қайсар қызы қазақтың» атты еске алу кеші өткізілді.
Шараға Ұлттық Ұланның 5547 әскери бөлімінің сарбаздары мен кітапхана оқырмандары қатысты. Кеш барысында қатысушылар батыр қыздың ерлігіне тағзым етіп, 1 минут үнсіздікпен еске алды. Ә.Молдағұлованың өмірі мен ерлігі баяндалып, шағын көрініс қойылды. Шараның қонағы болған әскери бөлімнің капитаны Қабдешұлы Ж. жастарға Әлия Молдағұлованың ерен ерлігі мен аяулы бейнесі өшпейтінін айтты. Сонымен қатар кітапхана оқырмандары және сарбаздар қаһарман қызға арналған өлеңдер оқып, шара Сырасил А. орындауындағы «Елім-ай» күйімен аяқталды.
Мақсаты: Оқырмандарға қазақтың батыр қызы Ә.Молдағұлова туралы мәліметтермен таныстыру, жастарға ерлігін үлгі ету, патриоттыққа, отансүйгіштікке баулу.