Өнер таусылмас азық, сарқылмас байлық.
Өнер адамның дүниетанымына, сеніміне, адамгершілік – моральдық қасиеттердің қалыптасуына, эстетикалық сезімдерінің тұрақтылығына, алдына қойған мақсатының айқындала түсуіне игілікті әсер етеді. Сол себепті де халық өз ұрпағының өнердің сан – саласынан толық мағлұматы болуын аңсап, бұған қатты көңіл бөлген. Осыған орай Ақжарма ауылдық №9 кітапхана мен №218 мектеп бірлесіп “Өнер таусылмас азық, сарқылмас байлық» атты қолөнер шеберлерімен кездесу кешін өткізді. Кешке ауыл тұрғыны қолөнер шебері Серіккүл, Қазымбекова Анар, Қыдырғалиева Клара әжейлер қатысып,өз өнерлерін ортаға салды. Кітап көрмесі жасалып, ел мәдениетінің қалыптасуына қызмет жасаған танымал тұлғалар, сонымен қатар мәдени-тарихи құндылықтарды сақтауға бағытталған әдебиеттер мен мерзімді басылымдар қойылып, шолу жасалды.







