Спорт ел еңсесі, мемлекет мерейі
Қазақ халқы бала тәрбиесіне ерте кезден көңіл бөлген. Баланың ақыл-ойының, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына айрықша мән берген. Жастайынан балаларға дұрыс тәрбие берудің маңызы зор. Атқа мініп, асық атып, бәйгеге шауып, теңге іліп өскен жас шымыр, епті де икемді болып өседі. №3 кітапханада «Спорт ел еңсесі, мемлекет мерейі» атты денсаулық сағаты өткізілді. Шара барысында: Спорт пен дене тәрбиесінің адам үшін маңызы қандай? Ол қашан пайда болды? деген сұрақтар төңірегінде әңгіме өрбіді. Мақсаты: Спортты насихаттау арқылы жастарымызға денсаулық –саулық кепілі ,ал спорт дегеніміз-ел еңсесі, мемлекет мерейі екендігін дәріптей отырып, оларды салауатты өмір сүру дағдыларына үйретіп,қалыптастыру.









