Ғажайып ғарыш әлемі.

   12 сәуір – ғарышкерлер күніне орай жүйеге қарасты №3 кітапханада «Ғажайып ғарыш әлемі» атты танымдық сағат кітапхана оқырмандарымен өткізілді.Қатысушы оқырмандарға басқарылатын және автоматты ғарыш аппараттарын, «Боран» көбірек қолданылатын ғарыш кемесі туралы, әлем тарихында бірінші болып ғарыш кеңістігіне ұшқан Ю.Гагарин және жалғыз әйел В.Терешкова туралы айтылды. Сондай-ақ, Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров, биылғы мерейтой иесі қазақтың 2-ші, ал әлемнің 309-шы ғарышқа үш рет ұшқан ғарышкері – Талғат Мұсабаев, космосқа ұшқан әлемнің 545-ші ғарышкері Айдын Айымбетов туралы терең мағлұмат алды.«Ғарышқа жол ашқан-күн» атты арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылып кітапханашы Жакенова Жанар ғарышкерлердің өмірі ме қызметінің кезеңдері туралы тоқталып өтті. Жас оқырмандар арасында ғарышқа байланысты Ғарыш деген не?, Ғарышкер деп кімді айтамыз?, Ғарышкер неге скафандр киеді? және басқа да сұрақ-жауаптар қойылып,оқушылар   белсенділік танытты.
 
12 сәуір 2024 ж. 220

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам