Мен-осы шынайы махаббат иесі.
Қалалық жүйеге қарасты №17 Қызылжарма ауылдық кітапханасында «Адал Адам» мәдени-тәрбие орталығы тұжырымдамасының бірі Әлем-BOOK бұрышында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі ақын Ілияс Жансүгіровтың туғанына 130 жыл толуына орай «Мен-осы шынайы махаббат иесі» кітабы бойынша кітап талдауы ұйымдастырылды. Бұл жинақта Ілияс Жансүгіровтың сүйген жарға деген махаббатын, туған жерге, пырақ тұлпарға, күй мен ән өнеріне сүйіспеншілігін жырлаған өлеңдері мен дастандары енген. № 144 С. Әлжіков атындағы мектептің 9 сынып оқушылары Инабат Бақытжан, Амандық Ақбөкен, Смағұл Малика, Сатыбалды Нұрдана кітап жайлы оз ойларын ортаға салып, ақынның сүйгені Фатимаға арнаған лирикалық өлеңдері мен, «Құлагер» поэмаларына талдау жасады. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Нұргүл Палымбетова жалпы кітап жайлы мағлұмат бере отырып, шара соңын қорытындылады. Кітапхана оқырмандары ұлы дала перзентінің ұлы махаббатына куә болып тарқасты.







