Балалар әдебиетінің классигі.

  Қараөзек ауылдық клубы, №39 Қызылөзек орта мектебі және №10 кітапхананың  ұйымдастыруымен  қазақ әдебитетіне өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат алып келген көрнекті жазушы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған “Балалар әдебиетінің классигі” атты әдеби кеш өткізілді.  Шарада жазушының шығармашылығынан кітап көрмесі жасалып,әдебиеттері кеңінен таныстырылды. Жазушының өнегелі өмір жолы мен  шығармашылығынан арнайы дәріс оқылды. Жазушының "Балалық шаққа саяхат", "Менің атым Қожа", "Өлгендер қайтып келмейді" атты  шоқтығы биік туындылары туралы оқырмандар кеңінен әңгімелеп,  шығармаларда жазушы өзі өмір сүрген заманның шынайы келбетін суреттегені баса айтылды. Жас  оқырмандар жазушының  "Балалық шаққа саяхат" повесіндегі   анасының ұзақ ауырып қайтыс болып,  тоқтаусыз жылаған бауырына пана болған жетім  бала тағдырын ерекше  сипатта талқылады. 
12 сәуір 2024 ж. 179

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам