Мен ғарышкер боламын

   Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №13 балалар кітапханасының ұйымдастыруымен 12 сәуір-Дүниежүзілік ғарыш және авиация күніне орай «Мен ғарышкер боламын» атты танымдық ойын №176 орта мектептің 6«Б» сынып  оқушылардың қатысуымен өткізілді. 
   Шара барысында есімдері Қазақстан тарихы бетінде алтын әріппен жазылған қазақ ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов туралы мағлұмат берілді. «Мен – ғарышкер боламын» атты 10 минуттық  бейне баян  көрсетіліп, кітапхананың  белсенді  оқырмандары Ақтілеу Мерей, Мәдиқызы Жасмин, Қайырбекова Жансұлу, Төленов Нәби ғарышкерлер тақырыбында бірнеше сұрақтардың жауабын тауып, белсенділік танытты. «Аспанды бағындырған батырлар» атты   кітап  көрмесі ұйымдастырылып, №176 мектептің  аға кітапханашысы Асанова Айман, қатысып шараны қортындылады. 
Мақсаты: Оқушыларды патриоттық, отаншылдық, сезімін оята отырып, елін жерін,   сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу, ғарышкерлер туралы толық түсінік беру, білімдерін одан әрі кеңейту. 
 
15 сәуір 2024 ж. 220

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам