Тағзым ететін тағылымды күн

  Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты А.С.Пушкин атындағы орталық  кітапхана мен Зағиптар қоғамы клубы бірлесіп, 18 сәуір – Халықаралық тарихи орындар мен ескерткіштерді қорғау күніне орай , дала академигі, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, Ыбырай Жақаевтың өмірі  мен ерелі еңбегін бүгінгі ұрпаққа насихаттау мақсатында, қаламыздағы Ыбырай Жақаев бюстінің алдында  «Тағзым ететін тағылымды  күн»   атты мәдени іс-шара өтті.
   Шараға  Ы.Жақаев атындағы қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының мамандары, «Ауыл»ХДПП Қызылорда облысы бойынша өңірлік филиалының үйлестірушілері Асқарова Маржан, Шәріпбек Ерасыл, Ысам Ерболат қатысып ,әлемге Сыр күрішін әйгілеген, дала академигі  Ыбырай Жақаев атамыз туралы өз естеліктерімен бөлісті.
   Шара барысында   кітапхана оқырмандары С.Сейфуллин атындағы №4 ІТ мектеп –лицейінің 5 «А» сынып оқушылары Сайлаубек Бақдаулет, Карибаева Кәусәр, Жанабай Арсен, Асылқанқызы Айсәуле, Абдулла Ғалия  Асқар Тоқмағамбетовтың  «Ақ күріштің Атасы», «Жылайды жүрек», «Қош, Ыбеке», Серік Сейтмағамбетовтың «Жақаевшылар маршы», Манап Көкеновтың «Ыбырай Жақаевқа»  т.б. өлеңдерін жатқа оқыды. Кітапханамыздың жас оқырманы  Болат Асылбек  Ұ.Жолдасовтың әніне жазылған, сөзі Қ.Алагөзовтың  «Ассалаумағалейкум» өлеңін айтып, көрермен қауымының ыстық ықыласына   бөленді. Мәдени іс-шара соңында  Абылайхан атындағы жоғары колледжінің оқытушысы Сайлауов Шынтемір Әділжанұлы студенттерге, жас жеткіншектерімізге,  күрішші Атамыздың еңбек жолын үлгі-өнеге етуге шақырды. Шара соңы  Ыбырай Жақаев рухына тағзым етіліп, ескерткіш алдына  гүл шоқтары қойылды.     
              
18 сәуір 2024 ж. 217

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам