Ескерткіштер ел тарихы
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Талдыарал ауылдық №11 кітапханасында 18 сәуір - Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай «Ескерткіштер ел тарихы» атты таным сағаты өткізілді. Халқымыздың рухани қазынасы, құнды жәдігерлері – Сыр елінің тарихи және мәдени ескерткіштер туралы «Сыр ескерткіштері» кітабы бойынша мәліметтер айтылды. Сыр елі тарихи ескерткіштерге өте бай өлке.Тақырыпқа сай кітап көрмесі ұйымдастырылып «Сыр ескерткіштері» «Сыр елінің мәдени мұралары», «Сыр елінің тарихи-мәдени мұралары» және т.б кітаптар насихатталды. Шараның мақсаты жас оқырмандарға сол құнды жәдігерлеріміз және мәдени мұраларымыз жайлы түсінік беру. Жас ұрпақтарды тарихи құндылықтарымыз бен мәдени мұраларымызды қастерлеп сақтауға, құрметтеуге шақыру.







