Дұрыс тамақтану денсаулық кепілі
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты № 20 кітапхананың ұйымдастыруымен жалпы жастардың соның ішінде мектеп оқушыларының сау денсаулығының алдын алу мақсатында «Дұрыс тамақтану денсаулық кепілі» атты дәрігер сағаты болып өтті. Кәзіргі уақытта жастар арасында да көптеген аурулардың белең алуы байқалуда. Жастар еліміздің болашағы. Сондықтан да дәрігер мамандармен осындай бас қосу, сұхбаттасу, мәліметтер алу аса маңызды. Денсаулық сағатына қаламыздағы № 3 емхананың «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» маманы Жандарбекова Ағжан Исатайқызы қатысып жастардың бірнеше сұрақтарына жауап беріп, денсаулықты жас кезден сақтау жолдарын түсіндіру. Шараға арнайы дайындалған бейне баян көрсетіліп кітапқана қорындағы денсаулыққа негізделген кітаптар оқырмандарға таныстырылды. Шараның мақсаты: Кәзіргі жастардың арасында белең алып жатқан аурулардың алдын алу және денсаулығын күту барысында мәлімет беру.







