» » Ескерткіштер –тарихтан сыр шертеді

Ескерткіштер –тарихтан сыр шертеді

   С.Майқанова атындағы мәдениет Үйі мен Қалалық Орталықтандырылған жүйеге қарасты №1 кітапхананың бірлесе ұйымдастыруымен Тасбөгет кентінде орналасқан «Белгісіз солдат» ескерткіші маңында «Ескерткіштер –тарихтан сыр шертеді» атты мәдени шара болып өтті. 
    Тарихи және мәдени ескерткіштер - халықтың рухани қазынасы. Қазіргі Сыр бойы талай заманнан бері ұрпақтан-ұрпаққа қалдырған көптеген тарихи мұралары бар ұлттық құндылықтарға бай өлке. Ұлы тұлғалардың кіндік қаны тамған құт мекен. Ескерткіш ұлы адамдарды немесе тарихи оқиғаларды мәңгі ел есінде қалдыру үшін жасалатын мүсіндік шығарма.
Шарада С.Майқанова атындағы мәдениет Үйі жанынан құрылған «Шабыт» көркемсөз оқу шеберлерінің өнерпаздары ақындардың ескерткіш туралы өлең шумақтарын оқып, "Дарын" ән үйірмесінің өнерпаздары әннен шашу шашты.
 
18 сәуір 2024 ж. 50

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам