Ұлт саулығы – ұлы міндет

      Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №13 балалар кітапханасының ұйымдастыруымен 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай «Ұлт саулығы – ұлы міндет» атты денсаулық сағаты  №11мектеп - лицейінің 7 «А» сынып оқушыларының  қатысуымен  өткізілді. Шараға № 4 қалалық  емхананың   салауатты өмір салтының қалыптастыру маманы  Махмутова Жамиля Әнуарбекқызы  қатысып, денсаулық адамзаттың ең құнды байлығы екендігін, денсаулықты еш байлықпен салыстыруға келмейтнін айтты. Денсаулықтың негізі  қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауда жүру керек екендігін, жаман әдеттерден   сақтанып,   темекінің  жас ағзаға  зиянды   екенін түсіндіріп, оқушыларға денені шынықтыру, сергіту, сәтінде дене жаттығулары жасатылды. Салауатты өмір салтын насихаттау тақырыптарында   ақпараттық  материалдар   таратылды. №11 мектеп – лицейінің кітапхана меңгерушісі Байымбетова Шолпан, 7«А» сынып  жетекші Исмайлова Айсұлу денсаулық адамның ең  қасиеттіде құнды, қайталанбас, жоғалса орнына  қиындықпен келетін, орны  толмас асыл  қазынасы. Зиянды әдеттерден аулақ  болып, «Денсаулықтың  кепілі - салауаттылық»  деген   әрқашан салауатты өмір салтын   ұстанайық  деп айтып  шараны қорытындыланды. «Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
22 сәуір 2024 ж. 28

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам