» » 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және автор құқығын қорғау күніне орай «BOOK КРУИЗ» жобасы аясында Өркениетке кітаппен.

23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және автор құқығын қорғау күніне орай «BOOK КРУИЗ» жобасы аясында Өркениетке кітаппен.

Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі  23 сәуір – Дүниежүзілік  кітап және автор құқығын қорғау күніне орай «BOOK КРУИЗ» жобасы аясында   «Өркениетке кітаппен» атты әдеби автобус  мәдени іс-шарасын  өткізді. Дәйекті сөздермен, шарлармен әсем безендірілген   №11  бағыттағы   автобус  жолаушылары кітап туралы өлең-жырлармен сусындап қана қоймай   қосыла  жырлады.
Рухани байлығымыздың қайнар бұлағы кітапты ұлықтау мақсатындағы шара Орталықтандырылған қалалық кітапханалар жүйесі жайлы   ақпарат беруден, кітаптар мерекесінің маңыздылығы  туралы айтудан  басталып, кітапхана туралы буклеттер, кітапхананың мекен жайы, сайттары жазылған жарнамалық парақшалар автобус жолаушыларына таратылды. Балаларға   бақытты балалық шақ сыйлау- баршамыздың  міндетіміз!   Бала ерте жастан кітаппен дос болса, болашақта ол көзі ашық, көкірегі ояу адам болып қалыптасады. Мәдени іс-шарамызды кітапханамыздың белсенді оқырмандары  Жамбыл атындағы №120 орта мектептің 4 сынып оқушылары қазақ ақын-жазушыларының кітап туралы өлеңдерін мәнерімен жатқа оқып, жолаушылардың алғысына бөленді. Әрі қарай шарамызды  Қызылжарма мәдениет үйінің талантты өнерпаздары Алашбаев Төлеген мен Ділдебаев Тұрлыбек әуезді әндерін орындап, жолаушылардың ыстық ықыласына бөленді. Сонымен қатар шара барысында жолаушылармен  викториналық ойын жүргізіліп,  қызықты  сұрақтар қойылды. Тапқыр да білімді қала тұрғындары  халықтың ең ұлы байлығы, қасиетті қазынасы  кітап туралы сұрақтарға нақты жауап беріп, сый-сияпатқа  ие болды. 
23 сәуір 2024 ж. 43

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам