» » 23 сәуір - Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық мерекесіне орай жазушы Б.Соқпақбаев шығармаларынан Қазақ әдебиетіндегі дарынды тұлға.

23 сәуір - Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық мерекесіне орай жазушы Б.Соқпақбаев шығармаларынан Қазақ әдебиетіндегі дарынды тұлға.

  Қалалық орталықтандырылған кітапханалар  жүйесіне қарасты №3,16,19 кітапханалардың  «BOOKКРУИЗ»  жобасы аясында  23 сәуір - Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық мерекесіне орай  жазушы Б.Соқпақбаев  шығармаларынан  «Қазақ әдебиетіндегі дарынды тұлға» атты  әдеби кеш өткізді.Мәдени шараны Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Рахметова Гүлмира Шамсутдинова  кіріспе сөзбен ашып,  қазақ әдебиетіне өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат алып келгенжазушы шығармаларына тоқталды. Мәдениет үйінің фойесінде жазушы шығармаларынан кең көлемді кітап көрмесі жасалып, оқырмандарға кеңінен таныстырылды. Бейсебай Кіріспайұлының «Бәйтерек» атты арнау өлеңін  Төлебай Жансель, жазушының алғашқы шығармаларынан «Бір жас бала қаршадай» өлеңін   Қанатқызы Гүлбақыт  мәнерлеп жатқа оқыды. Көргенін көркем суреттеп, көз алдыңа елестетіп жан бітіретін жазушылық қасиетінің арқасында  Б. Соқпақбаев   балалар мен жасөспірімдерге арналған 20-дан астам әңгіме, повесть, роман кітаптарын ұсынды. «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Бозтөбеде бір қыз бар», «Өлгендер қайтып келмейді» және «Қайдасың, Гауһар» секілді туындылары КСРО халықтарының және шетелдердің көптеген тілдеріне аударылып, сахналық, экрандық нұсқаға айналған.
23 сәуір 2024 ж. 36

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам