Кітап дәуір айнасы.

  Қалалық орталықтандырылған кітапханалар  жүйесінің ұйымдастыруымен «BOOKКРУИЗ»  жобасы аясында  23 сәуір - Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау мерекесіне орай С.Майханова атындағы мәдениет үйі файесінде жүйеге қарасты №1,13,20 кітапханалардың ұйымдастыруымен «Кітап дәуір айнасы»  атты мерекелік кеш өткізілді.  Шараға Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі,  «Кәсіпкер келбеті» газетінің редакторы, жазушы Жүзбай Таңрықбай, кітапхананың тұрақты оқырмандары Тасбөгет кенті қоғамдық кеңесінің  мүшесі, еңбек ардагері Тобағабылов Олжабай, Білім беру үздігі, ҚР  Құрметті ұстазы Ақшекен Тілеуовалар қатысып, кітаптың рухани құндылығына тоқталып,  оқырмандарды кітап мерекесімен құттықтады. Іс-шара барысында мәдениет үйі фойесінде  «Coffee Book», «Қоржын ВООК»  бұрыштары ұйымдастырылып оқырмандар арасында түрлі қызықты сұрақтар бойынша ойындар жүргізілді.Кітап мұқабасын киген екі оқырман кітап туралы ұлағатты сөздер айтып, кешті ерекше бір түрлендірді.Оқырмандар кең көлемді кітап көрмесі бойынша қазақ, әлем жазушыларының әдебиетттерімен  қатар жас толқын ақын-жазушыларының шығармаларымен танысты. Кітапхананың тұрақты оқырмандары белгілі ақындар   Адырбек Сопыбековтың «Кітап», Әбілда Тәжібаевтың «Сырдария», Фариза Оңғарсынованың «О,туған жер» жырларын, Сазанбаева Динара «Кітап  білім бұлағы», Досболат Санат «Кітаптың қадірі» өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды.Оқырмандар Ә.Нұршайықовтың  «Махаббат қызық мол жылдар», С.Көбеевтың «Қалың мал», Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан», Д.Исабековтың «Гауһар тас», Ж.Аймауытовтың «Ақ білек» шығармаларынан қысқаша көрініс көрсетті. «Дарын» ән үйірмесінің өнерпазы Жолдасбай Ерасыл «Мен қазақтың баласы» әнін шырқап, «Шаттық би» үйірмесінің бишілері «Құпия кітап» биін орындап, кеш ажарын ашты. Қалалық кітапханалар жүйесінің директоры Рахметова Гулмира Шамсутдинқызы шараны қортындылай отырып,  белсенді қатысқан оқырмандарға алғысын білдірді. 
23 сәуір 2024 ж. 31

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам