Мен оқыған кітаптар.

    «BOOKКРУИЗ»  жобасы аясындағы іс-шара  №12 кітапханада өткізілген «Мен оқыған кітаптар» атты «Bookdating» кітапхананың белсенді оқырмандарымен  кездеcу кешімен жалғасты. «Bookdating» кездесуіне  кітапты  ең көп оқитын, оқырмандарға айтары бар - Жумагалиева Гульзия Умирзаковна, Какарманова Асем таңдалды. Шара оқырмандар арасында өткізілген «Әдеби викторина» ойынымен басталып, ойын бойынша қойылған сұрақтарға оқырмандар белсене жауап берді. Мұнан кейін кештің негізгі кейіпкерлеріне сөз кезегі беріліп,  белсенді оқырмандар Жумагалиева Гульзия Умирзаковна, Какарманова Асем өздері  оқыған кітаптары, таңдаған тақырыптары, кітап оқиғаларының өмірмен байланысы, кітаптың тәрбиелік мәні туралы қызықты да келелі әңгімелер айтып, жастарды кітап оқып рухани бай болуға шақырды. Шараның ең қызықты сәті  оқыған кітаптарының қыр-сырына қаныққан екі  оқырманның кітап алмасуы болды.
   
23 сәуір 2024 ж. 31

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам