Ескерткіш – ұлттық тарих пен мәдениеттің құнды жәдігері.
Бүгін – 18 сәуір Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні. Бұл күн 1983 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен көрікті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі кеңес ассамблеясы бекітіп, 1984 жылдан аталып келеді.
Ескерткіш – өткен тарихымыздың белгісі, ұлтымыздың байлығы. Халқымыздың өткенінен сыр шертетін қастерлі мұра. Ескерткіштер қашанда ұлттық тарихымыз бен мәдениетіміздің құнды жәдігерлері, көне тарихтың куәсі. Олай болса, оларды қорғау әрбір азаматтың парызы, сонымен қатар қамқорлығы болмақ. Әрбір ескерткіштің объективті-тарихи мағынасы зор. Халықты біріктіріп, тұтастандыратын саяси салмағы мен насихаттық сипатта мазмұнды мәні бар идеологиялық құрал болып табылады. Атаулы мерекеге орай Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен 18 сәуір – Халықаралық тарихи орындар мен ескерткіштерді қорғау күніне орай «Сыр бойының батырлары» ескерткішінде «Ескерткіш – ұлттық тарих пен мәдениеттің құнды жәдігері» атты танымдық кеш өткізілді. Шараға мүсінші, КСРО және Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі. Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Жаркен Исмағұлов, педагогика ғылымдарының магистрі, Қазақстан Республикасының тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі «Сыр ескерткіштері» кітабының авторы Ахметбеков Бақытжан Мұқарамұлы қатысып ескерткіштер әрбір ұлттың тарихын баяндайтын қымбат қазына, баға жетпес құндылық екенін айтып, «Сыр бойы тарихи ескерткіштерге өте бай мекен.










