Өнер...Өмір...Сахна...

    Қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты №1 кітапханада «Адал Адам» мәдени-тәрбие орталығының «Әлем ВООК» жобасы аясында Сыр өңірінің перзенті, КСРО халық әртісі, өнерді театр өнерінің сахнасымен ұштастырған Сәбира Майқанованың 110 жылдығына орай "Өнер...Өмір...Сахна..." атты еске алу кеші ұйымдастырылды.  Шараға «Бегім ай» домбыра үйірмесінің оқушылары, және кітапханананың тұрақты оқырмандары қатыстырылды.
   Сыр өңірінің перзенті — Сәбира Майқанова– қайталанбас тұлға. Ол кісінің бөлекше жаратылған бітімін, биік болмысын қайталау мүмкін емес. Сәбира Майқанова өткен заманның тұлғасы емес. Ол қазір бізбен бірге, мәңгілік жадымызда. 
   Шара барысында «Қазақ сахнасының анасы» атты көрме кеңінен таныстырылылып, шығармашылық жолы осы театрдың тарихымен, өсу жолымен тығыз байланысты екендігін баяндап, сомдаған рөлін қысқаша бейне ролдик арқылы көрсетілді.  «Бегім ай» үйірмесінің оқушылары «Ана туралы әндерін» шырқады.
25 сәуір 2024 ж. 171

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам