Би өнері- әлемнің рухани елшісі.

   Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №18 кітапханада 29 сәуір-халықаралық би күніне орай «Би өнері- әлемнің рухани елшісі» атты өнер сағаты №43 мектеп оқушыларының қатысуымен өткізілді. Өнер сағатына   «Айханым» өнер орталығының хореографы Кеңесова Ақниет Әділқызы топ бишілерімен  қатысып,  тамаша өнер көрсетті. Би – сезім мен нәзіктілікті жеткізуші өнер. Өнер сағатында балаларға қазақ халқының алғашқы кәсіби бишісі Шара Жиенқұловадан бастау алған би өнері туралы кеңінен айтылды. Хореограф Ақниет Әділқызы би өнерінің қыр-сыры туралы, әңгімелеп, биші қыздар керемет билерімен оқырмандарды тәнті етті.Би өнері сұлулық, сымбаттылық сыйлайды, еңбектенуге баулиды. Мақсаты: жас ұрпақты өнерге баулу, еңбекке, іскерлікке ынталандыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру.
26 сәуір 2024 ж. 158

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам