Алғашқы медициналық көмек.
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты № 13 балалар кітапханасының ұйымдастыруымен 26 сәуір күні №4 қалалық емхананың жедел жәрдем бөлімінің шақырыс тобының фельдшерлердің қатысуымен № 176 орта мектептің 8 «А», 9 «Б»,10«Г» сынып оқушылар арасында «Алғашқы медициналық көмек» атты тренинг өткізілді. Шараға № 4 қалалық емхана жедел жәрдем бөлімінің шақырыс тобының фельдшерлері Базарбаева Салтанат, Мажит Алмат, Өмірбек Нұрдәулет тренинг барысында жазатайым оқиға немесе төтенше жағдай кезінде өмірді сақтап қалу үшін алғашқы медициналық көмектің негізгі принциптері мен әдістерін көрсетіп жаттығулар жасады. Дене жарақаттарға, тыныс алу тоқтаған кезде және жедел араласуды қажет ететін басқа жағдайларға көмек көрсету туралы ақпараттармен бөлісті. Жас мамандар өздерінің тәжірбиелеріне бөлісе отырып, оқушылардың қойған сұрақтарына жауап берді. №176 орта мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дарбаева Бақытжамал келген қонақтарға рахметін айтып, оқушыларға денсаулық адам баласының азбас қазынасы, асқан байлығы, өмірдің тірегі денсаулықты бағалай білейік, салауатты өмір салауатты өмір сүруге және оқушыларға зиянды заттардан аулақ болайық деп айтып шараны қорытындыланды. «Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.Мақсаты: Алғашқы медициналық көмек бойынша құнды білім мен дағдыларды үйрету.







