Достығымыз жарасқан
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №13 балалар кітапханасы мен Нәлқожа Ергешбаев атындағы №172 орта мектеп кітапханасының бірлесе ұйымдастыруымен 1 мамыр – Қазақстан халының бірлігі мерекесіне орай «Достығымыз жарасқан» атты таным кеші 7 сынып оқушыларының қатысуымен өткізілді.
Көп ұлтты Қазақстан халқының әрбір этносының бай тарихы мен мәдениеті бар. Жыл сайын бұл күні Қазақстан аумағында тұрып жатқан түрлі этнос өкілдері туған еліміздің бірлігі мен ырысты ынтымағын дәріптейді.
Шара барысында еліміздегі халықтар достығын бейнелейтін бейнебаян көрсетіліп, «Достығымыз жарасқан» атты кітап көрмесі бойынша әдебиеттерге шолу жасалды.
Қазақ ақындарының халықтар достығы мен ынтымақтастығы туралы өлеңдерін жас оқырмандар жатқа оқып, әндер шырқалды. «Мен - Қазақстан азаматымын», «Елім менің», О. Жанайдаров «Менің елім - Қазақстан», Б. Қошым – Ноғай «Достық жоралғы», «Көркемсуретті Қазақстан тарихы», «Менің Отаным Тәуелсіз Қазақстан», «Қазақстан Ұлттық энциклопедия», Ш. Шахай «Астана – Қазақстанның жүрегі», «Жүзі бөлек, жүрегі бір», атты кітаптармен қатар басылым беттеріндегі мақалалар оқырмандарға насихатталды.