Қаһарман қызы қазақтың.
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №18 кітапханада Кеңес Одағының батыры, Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай «Қаһарман қызы қазақтың» атты патриоттық сағат 9 мамыр Ұлы Жеңіс күні қарсаңында №271 мектептің жас ұландар тобымен өткізілді.Шара барысында балаларға қаһарман қыз Әлия Молдағұлованың өмір жолы мен жастық шағы таныстырылды.Батыр қыздың Ұлы Отан соғысы кезіндегі жорық жолдарымен ерлігі кеңінен айтылып, жас оқырмандар оның қайсар мінезі мен ерлігіне үлкен құрмет білдіріп, үлгі етті. Қазақ ақындарының Әлия Молдағұловаға арнаған өлеңдерін мәнерлеп оқып, естеліктерін, елге сәлемдерін жеткізген хаттарын оқыды.







