Менің Отаным-менің мақтанышым
№8 Ж.Маханбетов ауылдық кітапханасының ұйымдыстыруымен «Адал адам» мәдени – тәрбие орталығы «Әлем ВООК» жобасы аясында №143 мектеп 10 сынып оқушылары мен Алғашқы әскери және технология дайындық пәнінің мұғалімі Б.Байдулдаевтың қатысуымен 7 мамыр Отан қорғау мерекесіне орай «Менің Отаным-менің мақтанышым» атты таным сағаты өткізілді. Шара барысында еліміздің Қарулы күштері туралы мәліметтер айтылып, жас оқырмандар тақырып бойынша ақын жырларын жатқа оқыды.
Оқушылардың Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін ояту, Елін, жерін қорғауға дайын болуға, тілін құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол, өз Отанын сүйетін ұрпақ тәрбиелеуге ықпал ету мақсатындағы шараның әсері мол болды.