Соғып тұр мерген қыздың жүрегі

    «Адал адам» мәдени – тәрбие орталығы «Әлем ВООК» жобасы аясында   Ұлы Отан соғысының батыры, қазақ халқының   қаһарман  қызы Әлия Молдағұлованың  100 жылдық мерейтойына орай «Соғып тұр мерген қыздың жүрегі» атты ерлік сабағы  9 мамыр Ұлы Жеңіс күнінің қарсаңында  №5 кітапхананың ұйымдастырылуымен өткізілді.
   Шара  қазақ халқының мәртебесін биікке көтерген  Әлия апамызды 1 минут үнсіздікпен еске алумен басталды. №138 мектептің оқушылары Ұлы Жеңісті жақындатқан майдангер ақындардың  өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды. Сонымен қатар «Соғып тұр мерген қыздың жүрегі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге шолу жасалынды.  Қазақ халқының аңызға айналған  қаһарман қызы Әлия Нұрмұхамедқызының ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеріп, өнеге тұту мақсатындағы шараның жас оқырмандарға әсері мол болды. 
03 мамыр 2024 ж. 138

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам