Жемқорлық індет
Ақжарма ауылдық №9 кітапхананың ұйымдастыруымен, «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы «Әлем BOOK» жобасы аясында «Жемқорлық індет» атты танымдық әңгіме ұйымдастырылды. Шара барысында жемқорлықтың алдын алумен зиянды әдеттерден аулақ болу төңірегінде сөз қозғалды.Оқырмандар сауалдарын қойып, өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар «Парасат жолы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.Көрмеге «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы», Ынтымақов С.А мен Карпушина Т.Д «Отбасы құқығы», «Құқық қорғау қызметі туралы» , «ҚР конституциясы», З.О.Ашитов, Б.З.Ашитовтың «ҚР Құқық негіздері» және т.б кітаптар қойылды. Шараның мақсаты:қоғамның әртүрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңды негізге ала отырып,құқықтық мағлұмат беру, оқырмандардың еркін сөйлеуіне, Ата Заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.







