Әскер – ел тірегі

   7 мамыр- ҚР Қарулы күштерінің құрылған күні. Бұл күнді Қазақстандықтар Отан қорғаушылар күні деп, жыл сайын атап өтеміз. Осы айтулы күнге орай, жүйеге қарасы А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана Абылайхан атындағы жоғары колледж студенттерінің қатысуымен «Әскер – ел тірегі»  атты патриоттық сағат өткізді. Шараға арнайы «Отан қорғау-абыройлы міндет» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмедегі ел тарихындағы елеулі оқиғаларды, батылдық пен ерлікті, қаһармандық пен елдіктің нышанын, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықты жырлайтын ерлік жайлы дастандар, ата-бабаларымыздың ерлігін дәріптейтін әдебиеттер оқырмандардың ерекше сұранысына ие болды. Шара барысында «Төтенше жағдайда қорғау» мамандығының 1 курс студенттері Нұрханов Мейіржан, Құрбан Ерасыл, Оразбек Ердәулет өз ой-пікірлерімен бөлісіп, біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін, абыройы асқақ азаматтардың мерекесі, Отан қорғаушылар күні құтты болсын деп жылы лебіздерін жеткізді.
   Шараның мақсаты: Жас жеткіншек ұрпақ бойына Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілікті, ұлтжандылықты, Отанын, елін қорғай білуге, отаншылдық рухымызды шыңдап, қастерлей білуге тәрбиелеу.
04 мамыр 2024 ж. 181

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам