Ерліктің биік тұлғасы
Маханбетов ауылдық №8 кітапхананың ұйымдыстыруымен «Адал адам» мәдени –тәрбие орталығы «Әлем ВООК» жобасы аясында №143 мектеп оқушыларымен Халық қаһарманы Р.Қошқарбаевтың туғанына-100 жыл толуына орай «Ерліктің биік тұлғасы» атты ерлік сағаты өткізілді. Шара барысында батыр бабамыздың өнегелі өмір жолымен, Берлин қаласында Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақтың қаһарман ұлының ерлігі мен батырлығы туралы айтылды. «Ерліктің биік тұлғасы атты» кітап көрмесі ұйымдастырылып көрмеге шолу жасалды. Жас оқырмандар ақындардың Жеңіс тақырыбындағы өлеңдерін жатқа оқып, патриоттық әндер шырқалды.










