Жеңіс туы желбіреп
«Адал адам» мәдени-тәрбие орталығының Әлем book бағыты бойынша №15 кітапханамен Талсуат ауылдық клубы бірлесіп 7 мамыр-Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр –Ұлы Жеңістің 79 жылдығына орай «Жеңіс туы желбіреп» атты ерлік сағатын ауыл ардагерлерімен №178 орта мектептің оқушылары, Заңғар бөбекжай балабақшасының бүлдіршіндері мен қызметкерлерінің қатысуымен өткізілді. Шараны ауыл әкімі Бейсенбаев Ерлан Тұтқабайұлы ашып, мерекемен құттықтай отырып, ұлы отан соғысы жеңісінің маңыздылығына тоқталды. Жас оқырмандар қазақ ақындарының жырларын жатқа оқып, Талсуат ауылы ардагерлері қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды.







