Қасіретті жылдар тарихы – өскелең ұрпаққа өнеге
Белкөл кентіндегі №14 кітапханада 9 мамыр ұлы жеңіс күні қарсаңында – “Қасіретті жылдар тарихы – өскелең ұрпаққа өнеге” атты әдеби-патриоттық кеш өткізідді. Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан батырлардың, ел үшін қасық қаны қалғанша күрескен майдангерлердің және тыл ардагерлерінің құрметіне арнайы мәңгілік алау тұтатылып, әруақтарына тағызым етіліп гүл шоқтары қойылып, құран бағышталды. Шара барысында халқын сүйген қайсар қызымыз Әлия Молдағұловаға – 100 жылдығына байланысты көрме жасалып, “Әл-әзиз” оқу орталығының балалары “Әлия” әнімен аяқтады.







