Ер жігітке аманат туған даласы

    №6 кітапхана 7 мамыр – Отан қорғаушы күніне орай «Ер жігітке аманат туған даласы» атты ерлік сағатын өткізді. Шараға К. Қаракөзов атындағы №235 мектеп-гимназияның шәкірттері қатысты. Шара барысында жас ұрпаққа Мемлекеттік мейрамның тарихы, мән-мағынасы түсіндіріліп, еліміздің амандығы мен тыныштығы үшін кірпік қақпай Отан алдындағы азаматтық борышын өтеп жүрген сарбаздардың ерлік істері мен өнегелі өмірлері жайлы айтылды. Отан, адамгершілік, ерлік, әскери өмір жайлы жазылған «Айбын», Б. Смағұлдың «Намыстың құлы, Алаштың ұлы», А. Тасболатов пен Қ. Аманжоловтың «Қазақстанның әскери тарихы», «Жігіттің сұлтаны бол» және басқа да Қазақстанның Қарулы күштері жайлы жарық көрген әдебиеттер мен мақалалар таныстырылды. Жас оқырмандар Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің Қарулы Күштерінің құрылу тарихы жайлы мол мағлұматтар алып, әскери өмірге деген зор қызығушылықтарын танытты. Әдебиеттерді тамашалап, әсерлерімен ой бөлісті.
06 мамыр 2024 ж. 343

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам