Ел ертеңі-бүгінгі жас ұрпақ

    Қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты №1 кітапханада «Адал Адам» мәдени-тәрбие орталығының «Әлем ВООК» жобасы аясында 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай «Ел ертеңі-бүгінгі жас ұрпақ» және Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлова 100 жыл толуына орай «Әлия-батыр қызы сен халқымның» атты ерлік сағаты ұйымдастырылды.
    Шараға 5547 әскери бөлімінің жеке атқыштар ротасының взвод командирі, лейтенант Р.Молдаш сарбаздарымен, «ОRDA» жоғары колледжінің Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушысы А.Нүрпейсов студенттерімен қатыстырылды. 
    Шара барысында С.Майқанова атындағы мәдениет үйінің қызметкері Амангелдіқызы Диана «Катюша» әнін, «Дарын» ән үйірмесінің оқушысы Е.Жолдасбай патриоттық әнін шырқады. Кеш қонақтарына құттықтау сөз сөйлеп,  жас буынға Отанымызды қорғап,қызметке айтулы үлес қосуға шақырды. «Әлия-батыр қызы сен халқымның» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кеңінен таныстырылды. 

07 мамыр 2024 ж. 172

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам