Кітап әлеміндегі - Әлия
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №13 балалар кітапханасы Кеңес Одағының батыры, қазақтың қаһарман қызы Әлия Молдағұлова – 100 жылдығына орай «Кітап әлеміндегі - Әлия» тақырыбында таным сағатын № 176 орта мектептің оқушыларының қатысуымен өткізді. Әлия Молдағұлова адамзат тарихына есімін қанмен жазып кеткен қазақтың қайсар қызының өнегелі өмір жолы мен ерлік жолы, қайсарлығы айтылып, Лед экраннан бейне баян бойынша таныстырылды.
Шара барысында оқушыларға көптеген сұрақтар қойылып, Серікбай Айша, Өтепберген Аяна, Аманбай Дидар, Зкрия Махаббат, Серғазы Асым, Серікқызы Аяулым сұрақтарға тұшымды жауап беріп, белсенділік танытты. «Қазақтың батыр қызы – Әлия» атты кітап көрмесі жасалып, әдебиеттерге шолу жасалды. Қазақ ақындарының арнау өлеңдерін жас оқырмандар жатқа оқып, батыр есімі ұлықталды.