Абзал ана, ибалы келін.

Қалалық кітапханалар жүйесіне қарасты ауылдық кітапханалардың  «АуылLive» жобасы аясында, 15 мамыр - Отбасы  күніне орай   ұйымдастыруымен «Абзал ана, ибалы келін» атты ене мен келін арасындағы қалалық байқау өткізілді. Байқаудың аяулы аналардың өмірде алатын орны ерекше екендігін, аналардың ерен еңбегінің зор екендігін  кейінгі ұрпақтың бойына сіңіріп, жастарды қазақтың салт-дәстүрін қадірлеуге, құрметтеуге баулу,  қыздарымызды инабаттылыққа, ибалыққа, саналы да, салмақты болып өсуге тәрбиелеу, ене мен келін арасындағы ауызбіршілікті, сыйластықты дәріптеп, насихаттау. Шараны Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Тажмаханов Жағыпар Айтбайұлы ашып, қатысушы жұптарға сәттілік тіледі. Байқауға Қожабековтер «Халықтық» отбасылық ансамблінің көркемдік жетекшісі, «Қуаныш» өжелер ансамблінің жетекшісі, алтын медаль иегері, Батыр ана- Қуаныш Ахметқызы, қалалық кітапханалар жүесінің әдіскері - Асқарова Сауле Кеңесбекқызы, педагог, «Жас отау» клубының жетекшісі Малимова Салима Шалабайқызы төрелік жасады. Байқауда енелер мен келіндер «Мен қазақтың келіні, анасымын...» атты таныстыру,«Өнерлі отбасы», «Салт-дәстүрім таусылмайтын байлығым» атты сахналық көрініс көрсету, «Кимешекті, сәукелелі киімдерін, келеді ене ертіп келіндерін» ұлттық нақыштағы киім үлгісінен сән көрсетілімін көрсету кезеңдері бойынша өнер көрсетті. Тақырыпқа сай «Отбасым –бақыт мекенім» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып көрермендерге таныстырылды.Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Рахметова Гулмира Шамсутдинқызы қорытынды сөз сөйлеп, әділқазы алқасы байқаудың шешімін жариялады.Байқау қорытындысы бойынша бас жүлде - Қыстаубаева Кенжегул, Қасымбай Айдана (Қосшыңырау ауылы), І орын - Қуандық Данагул,Сәдуақасова Жібек (Ж.Маханбетов ауылы) ІІ орын- Жылқайдарова Алия,Садық Айгерім(Баймұрат батыр ауылы), ІІ орын - Алпысова Қалия, Әжібаева Жанар(Қарауылтөбе ауылы), ІІІ орын- Шайыхназарова Манар, Нәжімат Нұргүл (Қызылөзек ауылы) жүлделі орындарға ие болып, талапкерлерге арнайы дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.  Қатысқан көрермен саны -120.
15 мамыр 2024 ж. 204

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам