Рәміздерім мақтанышым!
Талдыарал ауылдық №11 кітапханада «Рәміздерім мақтанышым!» атты танымдық кеш №215 мектеп жанынан құрылған «Балдәрен» лагерь кешенінің балалары арасында өткізілді. Шара барысында мемлекеттік рәміздер жайлы мәліметтер айтылып, әнұран шырқалды. Белсенді балалар бірнеше танымдық сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін көрсете білді. Кітап көрмесі бойынша әдебиеттер таныстырылып, шолу жасалды.







