Даламның исі бұрқырап

   Қалалық №20 кітапхананың ұйымдастыруымен көрнекті лирик ақын Сағи Жиенбаевтың 90 жылдығына байланысты «Даламның исі бұрқырап» атты поэзия кеші  өткізілді.  Шара Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің студентерінің қатысуымен өтті. Студенттер ақынның өлеңін жатқа оқып өмірі мен шығармашылығына арналған  бейне баянды тамашалады. Ақынның  сөзіне жазылған әндер айтылып, ақынның сүйіп тыңдайтын халық әні «Ақеркені» әнін Қазанғап атындағы жоғары музыкалық колледжінің студенті Қарақат Әбдікәрім орындады.
   С. Жиенбаев 1934 жылы  15 мамырда Ақтөбе облысының Байғанин ауданындағы Оймауыт ауылында дүниеге келген . 1955 жылы Қызылорда қаласындағы педагогикалық институтты бітірген. Сағи Жиенбаев  - лирик ақын. Ендеше, Сағи лирикасының ұтымдылығы – ондағы шындықпен шеберліктің шынайы ұштасуында, үн мен ұғымның сұлу үйлесімінде. Тірлігінде ешкімнің бетіне жел болып тимей, атақ- мансап , қумай,мақтау- марапат күтпей, заман, саясат ауанына қарап ауа жайылмай, поэзиядағы бір шыққан биігінен төмен түспей кеткен Сағи Жиенбаевтың қазақ өлеңін өрге көтеруге қосқан үлесі өлшеусіз көл- көсір. Шараның мақсаты ақынның өмірі мен өлеңін жастарға оқыту,   таныстыру.
 
15 мамыр 2024 ж. 130

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам