Отбасы – шағын мемлекет

   Қалалық №1 кітапхана және С.Майқанова атындағы мәдениет үйімен бірлесе ұйымдастыруымен 15 мамыр – Халықаралық Отбасы күніне орай «Отбасы – шағын мемлекет» атты  кездесу кеші өткізілді.
   Шараға Тасбөгет кентінің үлгілі, өнегелі, өнерпаз тұрғындары Садықов Ардақ Оразұлы, Абдумашиков Маханбет Аймағанбетович отбастары қатыстырылды. Шара барысысында кеш қонақтары отбасы құндылықтары, отбасының адам өміріндегі маңыздылығы, ұрпақ тәрбиесі туралы өз ой-пікірлерін ортаға салып, отбасы туралы өлеңдер оқып, әннен шашу шашып өз өнерлерін көрсетті.  Көрермендер  қонақтарға отбасы жайлы сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды. 
    Шараның мақсаты: Оқырмандардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту, отбасындағы сыйластыққа, адамгершілікке, ынтымақ пен бірлікке тәрбиелеу.
15 мамыр 2024 ж. 120

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам