Алтын адамды тапқан археолог.
№6 кітапхана қазақ археология ғылымының негізін қалаушылардың бірі, «Алтын адамды» тауып, оны тәуелсіз Қазақстанның брэндіне айналдырған археолог Кемел Ақышевтің 100 жылдығына орай тарихи тұлғаның еселі ерен еңбегі мен ғылыми жұмыстарын өскелең ұрпаққа насихаттау, еліміздің тарихына деген сүйіспеншіліК сезімдерін арттыру, таным көкжиектерін кеңейту мақсатында «Алтын адамды» тапқан археолог» атты тарихи-танымдық сағат өткізді. Шараға С. Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінің білім алушылары қатысты. Шара барысында оқырмандарға ғалымның өмірі мен ғылыми еңбектері, ол кісі жайлы естеліктер кеңінен таныстырылып, 1969-1970 жылдары Алматы облысы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан Кемел Ақышевтің ғылыми жетекшілігімен табылған киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген тұңғыш «Алтын адам» жайлы танымдық әңгімелер айтылды. Сонымен қатар Есік қорғанынан табылған жауынгер қазір Қазақстанның азаттық символына айналып, оның тұлғасы Алматы қаласының бас алаңына орнатылғаны және де бас киіміндегі қанатты тұлпарлар бейнесі Мемлекеттік рәміздеріміздің бірі болып саналатын Елтаңбамызда бейнелегені жайлы мәліметтер берілді.







