Есімі өшпес-Әлия.
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №19 кітапханада Кеңес Одағының батыры, қазақтың қаһарман қызы Әлия Молдағұлова – 100 жылдығына орай «Есімі өшпес-Әлия» тақырыбында потриоттық кеш Ә.Молдағұлова атындағы орта мектеп № 173 орта мектептің оқушыларының қатысуымен өткізді. Әлия Молдағұлова адамзат тарихына есімін қанмен жазып кеткен қазақтың қайсар қызының өнегелі өмір жолы мен ерлік жолы,қайсарлығы айтылып, Лед экраннан бейне баян бойынша таныстырылды. Шара барысында Тарих пәнінің мұғалімі Алмашева Оразгүл Әлия Молдағұлова туралы мәліметтер айтты.,оқушыларға көптеген сұрақтар қойылды, сұрақтарға тұшымды жауап беріп,белсенділік танытты. «Қаһарман қыз – Әлия» атты кітап көрмесін кітапханашы Болатқызы Айжан таныстырды. Қазақ ақындарының арнау өлеңдерін жас оқырмандар жатқа оқып, батыр есімі ұлықталды.







